Дәйексөздер

Қараңғыдан қан жылап қаңғырған күнде басыңды алаш жолына құрбан қылған ағамыз, асқар тауымыз... Өмірің, жүрген жолың біз – інілеріңе жағып қойған шамшырақ! Жасасын сүйреген Алашың! Жаса, сабазым!

Заманымызға қазақ үшін өмірін, білімін жұмсап, ауыр жазаларға кіріптар болып, жанын қиып жүрген күллі қазақ халқына бірінші дерлік жан басшымыз – Әлихан Бөкейханов.

Үкіметтің қара қуғын жасаған күдерінде айдауына да шыдап, абақтысына да шыдап, елі үшін басын құрбан ат төбеліндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан.

Әлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі: әдеби тіл тууыына себеп болды, өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды.

А.Н.Бөкейханов – қазіргі Қазақстанның халық тұрмысын зерттеген санаулы ғана ғалымның қатарына жатады.

...Маңғыстауға шыққан және бір экспедиция – өлкенің экономикасын зерттейтін еді. Оның бастығы біздің аса құрметті қандасымыз, беделді ғалым, экономист, Ленинград университетінің профессоры Әлихан Бөкейханов болатын...

Ол кісі С.-Петербордың Орман Институтының экономика факультетін тамамдаған. Заң факультетіне Ленинмен қоса экстернат болып емтихан тапсырған. Терең, дария-мухит білімді ғалым болатын. Шетелдердің тоғыз тілінде еркін сөйлеп, жаза білетін... Біз онымыздың ақыл-ойымыз Тоқырауын өзеніндей еді де, Әлекең Балқаш көліндей дария еді ғой.

Осы ғасырдағы ғылым жарығында қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай және өзіміздің ширақ ғадетіне ыңғайлы қылып "қазақ мәдениетін" тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы.