Кітаптар


Қойшыбаев Б. Әлихан Бөкейханов. – Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 160 б.

Белгілі жазушы-публицист Бейбіт Орынбекұлы Қойшыбаев отанымыздың тарихындағы «ақтаңдақтарды» алғашқылардың бірі болып зерттеп, ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси репрессиялар салдарынан ұмыттырылған халқымыздың адал ұлдарының есімдерін рухани ортамызға қайтаруда елеулі жұмыстар жасап келеді. Оның бұл еңбегі Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның өмірі мен қызметін көрсетуге арналған.







Қамзабекұлы Д. Алаштың рухани тұғыры. – Астана: Ел-шежіре, 2008. – 360 б.

Алаш – елшілдік ізденісіміздің жарқын беті. Алаш – елдік мемлекеттік рәмізге айналған ұғым. ХХ ғасырдың басында Ә.Бөкейхан бастаған ұлт қайраткерлері Алаш атын партияға да, үкіметке (ұлт кеңесі) де бергенде осы ұстанымды басшылыққа алғаны анық. Бұл зерттеуде тарихи Алаш қозғалысының рухани тұғыры зерделенеді.






Бөкейханов С.Р. Өткен күнде белгі бар. – Алматы: Жібек жолы, 2008. – 160 б.

Бұл кітапқа халқымыздың тарихында жарқын із қалдырған Ә.Бөкейханов сынды біртуар тұлғаның өмірі мен қызметі арқау болған. Автор мұрағаттардан жинастырған құжаттық деректердің, ел есіндегі естеліктердің беймағлұм тұстарын баяндай отырып, оның адами, тұлғалық болмысын жаңа бір қырынан танытады.







Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы: Желтоқсан 1917 ж. – мамыр 1920 ж. Т.2. Движение Алаш. Сборник документов и материалов: Декабрь 1917 г. – май 1920 г.Т.2. – Алматы: Алаш, 2005. - 496 б.

Кітапта Алаш-Орда үкіметінің мақсаты - Қазақ Автономиясын құру жолындағы қиындықтар туралы әңгімелейтін құжаттар мен деректер жарияланған.









Жүз Тұңғыш. Жинақ. 2-кітап. /Құраст. Б.Нұржекеұлы. - Алматы: Жалын, 2005. – 352 б.

Бұл жинақ – қазақ халқының өміріне, тарихы мен мәдениетіне, ғылымы мен экономикасына қатысты әр саланы игеруге, ашуға дамытуға тұңғыш із салған қазақ ұл-қыздары туралы.







Жұртбай Т. Ұраным - Алаш. – Алматы: Ел-шежіре, 2008. – 472 б.

Жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – Алаш!» атты бұл әфсанасы «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің үстінен 1927-1932 және 1937-1938 жылдары жүргізілген тергеу ісінің негізінде жазылған.









Тұлғалар тұғыры. / Құраст.І. Қозыбаев. – Алматы: ҚазАқпарат, 2009. - 540 б.

Атақты ғалым, тарихшы, академик Манаш Қозыбаевтың (1931-2002) мақалалары мен баяндамаларының жинағы тарихи тұлғалар тағдырлары арқылы Отанымыздың сан қырлы тарихын аша түседі. Бұл кітап тарихи зерттеу мен нағыз әдеби тілмен жазылған ғылыми-көпшілік үлгінің туындысы болып табылады. Оқырман ежелгі кезеңдерден бастап бүгінге дейінгі отандық даңқты тұлғалармен танысады.






Ескендірұлы (Әбдешев) М. «Алаш Орда» министрлері. - Алматы: 2008. – 114 б.

Кітапта Алаш Орда үкіметі мүшелерінің өмір жолы, жасаған еңбектері шағын ғана баяндалады.











Жұртбай Т. Біртұтас Алаш идеясы: Зерттеулер. – Алматы: Орхон баспа үйі, 2014. – 368 б.

Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұрбайдың «Біртұтас алаш идеясы» атты үш бөлімнен тұратын зерттеулер жинағына «Көне түркі және қазақ әдеби жазба мұралары –тәуелсіз Қазақстан тарихының қайнар бұлағы (б.д.д. Х ғ. бастап – б.д.ХХ ғ. дейін) атты жоба бойынша жүргізген соңғы он жыл көлеміндегі (2001-2013) ғылыми зерттеулері топтастырылып отыр.





ХХІ-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы. Алматы: Экономика, 2014. – 440 б.

Бұл кітапқа, 2013 жылы 13 желтоқсанда «Алаш» қозғалысының 96 жылдығына орай, «Ақ жол» Демократиялық партиясының ұйымдастыруымен және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қолдауымен өткізілген «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты Жалпыұлттық байқауының қорытындысын шығаруға арналған ұлттық-ғылыми практикалық конференциясында, байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің баяндамалары және сынға түскен өзге де назар аударуға тұрарлық жекелеген ғылыми-публицистикалық еңбектер, сондай-ақ Алаш тақырыбына қатысты әртүрлі басылымдарда жарияланған сұхбаттар мен мақалалар да енген.