Түркі дүниесі

 Қойгелдиев Мәмбет, көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Әл –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының меңгерушісі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, Әл-Фараби атындағы ұлттық университетте декан, т.б. қызметтер атқарған. Қазақ интеллигенциясының ХХ ғ. Басындағы қоғамдық –саяси қызметін зерттеумен шұғылданады. Алаш қозғалысы таррихына жаңа көзқарас қалыптастырады. Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай секілді қайраткерлердің өмір жолын зерттеуге және олардың шығармаларын жариялауға мол үлес қосты. Ғалымның «Әлихан Бөкейханов» атты энциклопедиялық стильде жазылған мақаласын беріп отырмыз.

Әлихан Бөкейханов

  Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (25.3.1866, бұрынгы Семей облысы, Қаркаралы уезі Тоқырауын болысының 7-а. - 27.9.1937, Мәскеу) - қоғам және мемлекет қайраткері ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Бекейханов Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Бөкейхановты әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879 - 86 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886 - 90 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890 - 94 жылдары. Санкт- Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатынасып, 20 ғасыр босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Бөкейханов туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезіңде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда экономикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» делінген. Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студентік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің қара тізіміне алынды». Ол институтты бітіргеннен кейін Омбыға барады. Онда орман шаруа училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасты. Социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасы құрамына енді. 1896 - 1903 жылдары Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. Оның ойы бойынша, экспедиция жұмысына қатысу сол тарихи кезеңде қазақ халқы үшін ең зәру мәселеге айналған- жер қатынастарын тереңінен түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Бөкейханов экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жана қырынан көрді және отарлық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқады. Қалай болғанда да, Бөкейхановтың көзқарасының Щербина экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне 1-орыс революциясы ерекше ықпал етті. Студенттік және омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде маркстік бағытта тұрған Бөкейхановтың саяси көзқарасы өзгерді. Ол қазак даласын отарлау саясатына білек сыбана кіріскен патша өкіметімен күрес жүргізу үшін әуелі бүкіл казак жұртының басын біріктіруді, сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы тұрған саяси күштерге сүйенуді алға тартты. Бөкейханов 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезде қазак халқының жоғын жоқтап сөз сөйледі. Сөзінде ол қазак: халқының тіл, сайлау, дін, т.б. бостаңдықтары мәселесік көтерді. Ол осы жылы “Халық бостандығы’ (конституциялық-демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 жылы оның ОК-і құрамына енді Бөкейханов конституциялық -демократиялык партияның Қазақстанда бөлімшісін ашуға ынта білдірді. 1906 жылы маусымда Семейде өткен қазак сайлаушыларының съезінде Бөкейханов «Халық бостандығы» партиясының бағдарламасын қуаттап сөз сөйледі. Бөкейханов I- Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. Бірақ ол І-Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Бөкейханов Дума өз жұмысын бастаған кезде Дала генерал- губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Бекейханов та солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды. 1906 жылы Омбыда шығатын кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Петербургге жарык көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы Самараға жер аударылып, 1909 -17 жылдары Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912 - 17 жылдары кадеттер партиясы ОК-нің мүшесі болды. 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси және рухани өмірінде «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бекейханов зор еңбек сіңірді. 1914 жылы маусымда Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен шақырылған Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты, мұсылман фракциясы бюросының тұрақты мүшесі болды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдары майданның қара жұмысына алынған қазақ, қырғыз, өзбек, т.б. ел азаматтарына қажет түрлі көмек көрсету ісіне басшылық жасады. Осы мақсатта 1917 жылы 15 ақпанда Минскідегі земство және қала одақтары жанынан ашылған бұратаналар бөлімінің бастығы қызметін Бөкейханов атқарды. 1917 жылы 20 наурызда Уақытша үкіметтің Торғай облысы комиссары және Түркістан комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыс басшысы дәрежесіне көтерілген алғашқы қазақ болатын. Ұлттық мемлекет құру Бөкейхановтың түпкі мақсаты бодцы. Ол Уақытша үкіметке, соңдай-ақ, кадет партиясына үлкен үмітпен қарады. Бірақ оның бұл үмітінің негізсіз екендігін көп үзамай уакыттың өзі көрсетіп берді. Бұл Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына алып келді. Оның жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде 1-жалпыказақ съезі өткізілді, соңдай-ақ, «Алаш» партиясы құрылды. Бөкейханов 1917 жылдың күзі мен қысында мемл. бостандыққа жетудің түрлі жолдарын қарастырды. Г.Н. Потанин бастаған Сібір автономияшыларымен қатынас жасап, Сібір автономиясы құрылған қалған күнде Қазақстанның оның кұрамына енуін жақтады. Бірақ, бүкіл империя көлемінде жағдайдың күн өткен сайын шиеленісе түсуіне байланысты, бұл пікірдің іске асуы екіталай еді. Міне, осындай жағдайда Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысы мен ұйымдастыруы бойынша 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласыңда қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған жалпы қазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібіңде тұрған ең негізгі мәселе - кеңестік билікке қатынас жөнінде баяндаманы Бөкейханов жасады. Съезд казақ облыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезенде Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ казактар мен патша генералдарының жағында болды. Большевиктер партиясы ұсынған бағдарламаны қазақ қоғамын үлкен апатқа ұрындыруы мүмкін эксперимент есебіңде бағалап, ал қазақ коммунистерін орталық биліктің қол шоқпары ретінде айыптады. 1918 - 19 жылдары Алашорда жасақтары қызыл әскерге қарсы шайқастарға катысты, кеңес билігін қолдаған қазақтарды жазалады. Кеңес өкіметі 1919 - 20 жылдары Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешірімнен кейінгі уақытта да Бөкейханов өз принципіне сенімді күйде қалды. Кеңес билігі тұсында ол туған елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан емес. 1920 жылы Қазақ АКСР Егіншілік халық комиссариаты коллегиясының мүшесі, 1922 жылы ұлттар істері жөніндегі Халық юмиссариаты (Мәскеу) жанындағы Орталық баспаның ғылыми қызметкері, 1926 - 27 жылдары Ресей Ғ А-ның ғылыми қызметкері болды. Өкінішке орай, Сталин басқарған жоғары билік революцияға дейінгі қазақ зиялыларына, оның ішінде Бөкейхановқа сенімсіздік танытты, қоғамдық қызметін теріс бағалап, шектеп отырды. 1925 жылы Қазақстандағы саяси билікке Ф.Голощекин келгеннен кейін жүргізген оның қоныс аударушыларға кең жол ашу саясатына жол бермеу үшін қазақ қожалықтарына қажет жер нормасын анықтау мақсатында КСРО ҒА жанынан профессор С.П.Швецов бастаған экспедицияны қүру ісіне белсене араласып, оның кұрамына өзі де енеді. Қазақстанда қоныс аударушыларға жарарлық артық жер жоқ екендігін ғылыми тұрғыдан негіздеп берген бұл комиссияның жасаған тұжырымдары мен ұсыныстары Ф. Голощекинге және орталық мекемелерге ұнай қойған жоқ. 1926 жылы Бөкейхановты Мәскеуден бақылаушы орындардың рұқсатынсыз шығып кеткені үшін ОГПУ қызметкерлері Ақтөбеде тұтқынға алады да, кейін қайтарып, Бутырка абақтысына жабады. Бірақ оны 15 күннен соң шығарып жіберуге мәжбүр болады. Зорлықшыл биліктің бұл қоқан-лоқысы күресте ширыққан қайраткердің жүрегін шайлықтыра алған жоқ еді. Келесі 1927 жылы одақтың Егіншілік комиссариатында ол профессор Швецов ұсынған жер нормасын қорғап сөз сөйлеп, отаршыл пиғылдағы шенеуніктерді әшкерелеп сынға алды. Бөкейханов 1927 жылдың 1 қазанынан бастап Мәскеуде, ОГПУ орындарының бақылауы астында тұруға тиіс болды. Үкімет орындарының, жеке адамдардың оны Қазақстанда тұрып, қызмет істеуіне рұксат сұрап орталыққа жасаған өтініштерінен нәтиже шықпады. 1928 және 1930 жылы екі мәрте Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері тұтқынға алынып, сотталғанда, ОГПУ орындары Бөкейхановты бір-ақ рет шақырып түсінік алумен шектелді. ОГТТУ орындарының Бөкейхановты да қамап қоймай, сырт қалдыруын шамалап түсінуге болады. Өйткені Бөкейхановты тұтқындау арқылы олар өз пиғылын қоғамдық пікір алдында тым айғақтап алудан қаймықты. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойьшша ату жазасына кесілген. Сонғы тергеуде Алаш партиясы мен кеңестік билікке қарсы әрекеттеріне байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алған Бөкейханов ақтық сөзінде «Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін» деп мәлімдеді. 1989 жылы 14 мамьфда КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандыктан, ақталды.
 Бөкейханов қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер- суын, қысқасы, әлеум.-экономикалық жағдайын жан- жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі. Ол Щербина экспедициясының Семей облысьша қарасты Павлодар, Қарқаралы, Семей уездері мен Ақмола облысының Омбы уезінде жүргізген жұмыстарына тікелей қатысып, алуан түрлі деректі материалдар жинастырды. Экспедиция жұмыстары біткеннен кейін, жиналған бай материалдарды іріктеп, өндеп, ғылыми қорытындысын жазысты. Экспедицияның қорытындылары 1903 - 05 жылы жалпы көлемі 13 том болып жарыққа шықты. Бөкейхановтың Щербина экспедициясы қатарындағы атқарған жүмысы ғылыми жұмыстарға жан-жақты дайындығын, терең білімін аңғартты. Щербина экспедициясынан кейін ол 1903 жылы С.П. Щвецов бастаған Сібір темір жолы бойында орналасқан Челябі мен Томбы қалалары аралығын мекендеген қазақтардың мал шаруашылығын зерттеуге бағытталған экономикалық экспедициясына ат салысты. Экспедиция жүктеген міндетке сай, қазақтың қой шаруашылығының жағдайьш зертгеді. Сол өңірдегі қой шаруашылығымен қоса ол бүкіл қазақ даласының түпкір-түпкіріңдегі, атал айтсақ, Жетісу, Сырдария өңіріндегі қазақтардың қой тұқымдарын, шаруашылықтарын түгел қамтып, бір-бірімен салыстыра отырып қарастырды. Бөкейханов қазақтың қой шаруашылығы жайында сүбелі еңбек жазып шықты. Бұл еңбек экспедицияның басқа материалдарымен бірге “Материалы по экономическому обследованию районов Сибирской железной дороги” деген 3 бөлімнен тұратьш кітап болып 1904 жылы Томбы қаласында басылып шықты. Бөкейханов Ресей императорлық география қоғамының қызметіне қызу араласты. 1896 жылы онын Батыс - Сібір бөлімінің мүшесі болды, ал 1901 жылы оның басқару комитетіне сайланды. Бөкейхановтын тарих саласында жазып қалдырған «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» атты алғашқы еңбегі 1903 жылы «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» деген көп томды альманахтың 17-томына еніп, Санкт-Петербургте жарық көрді. Шығармада қазақ өлкесінің тас дәуірінен бергі тарихы көрініс тапқан. Сонымен бірге қазақ даласының соңғы ғасырлардағы өмір-тарихын сипаттаған. «Киргизы» атты еңбегі алғаш рет «Формы национальной движения в современных государствах» атгы жинақта 1910 жылы Санкт-Петербургте басылып шықты. Бұл еңбекте қазақ халқының отаршылдық саясатқа деген көзқарасын, ұлт-азаттық күресінің бағытын, мақсат-мүддесін ашып көрсеткен. Бөкейханов қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін, даму заңдылықтарын да терең зерттеген. Бұған оның әр жылдары Ресей императорлық география қоғамы Батыс-Сібір бөліміне қараған Семей бөлімшесінің басылымдарьшда жарияланған «Из переписки (писем) киргизских ханов, султанов», «Из переписки хана Средней киргизской орды Букея и его потомков» және «Из бумаг султана Большой киргизской орды Сюка Аблайханова» атты ғылыми жарияланымдары куә бола алады. Бөкейханов назарынан Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі де тыс қалмаған. Оның бұл тақырыпта 1923 жылы Ташкентте «Материалы к истории султана Кенесары Касымова» атты кітапшасы шыққан. Бөкейханов халықтың ауыз әдебиеті мұраларынан үлгі алмай ұлттық әдебиеттің өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. Ол ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп күш салды. Сондай-ақ, Бөкейханов түңғыш абайтанушы да болды. Абай шығармаларын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады. Абайдың өлендері мен нақыл сөздерін жинақтауға атсалысты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің түңғыш жинағын редакциялап, жинақтың 1909 жылы Санкт-Петербургте басылып шығуына қол ұшын берген. Бөкейхановтың кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі - көркем аударма. Аудармаларының ішінде орыстың классик жазушылары Л.Н. Толстой, А.П. Чехов, В.Г. Короленко, Д.М. Мамин-Сибиряк тармен қатар, Еуропаның қаламгерлері, сондай-ақ, үнді, түркі тектес халықтардың әдеби шығармалары бар. Бөкейханов керкем аудармаларының басым көпшілігі 20- 30-жылдар аралығында, яғни 1922-27 жылы КСРО халықтарының орт. баспасындағы Қазақ секциясының әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезінде аударған. Бөкейханов қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Оның қаламынан шыққан макалалар Санкт-Петербургтің «Сибирские вопросы», «Биржевые ведомости», «Новая жизнь» секілді басылымдарынан жиі көрініп тұрған. Ол халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген. Бөкейхановтың атқарған ісі, кейінгі ұрпақка қалдырған аманат-мұрасы әлі де жан-жақты талданып, зерттеле түспек.
 Шығ.: Шығармалар, А., 1994; Таңдамалы, А., 1995. Әдеб.: Аманжолова Д.А., Казахский автономизм и Россия, М., 1994; Нұрпейісов К., Алаш һәм алашорда, А., 1995; Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы, А., 1995.

Резюме

  В статье рассматривается жизненный путь выдающегося лидера Алаш орды Алихана Букейханова.

Қойгелдиев М. Әлихан Бөкейханов // Шәкәрім. – 2007. - №1. – Б. 90-92.