Жариялылық мінберінде –тарихшы

«Қуандым түнде жүріп, күн шығар деп...»
Әлихан Бөкейхановтың саяси көзқарасы жайында

 Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің арнайы комиссиясының қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдері Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және М.Дулатов творчествосы өмір жолына байланысты жасаған жаңа, негізді тұжырымы өз кезегінде көпшілік санасында осы шоғырмен тағдырлас Әлихан Нұрмұхаметұлы Бөкейхановтың қызметі мен тарихтағы алатын орны туралы түрлі пікірлерге қозғау салды. Бұлай болуы заңды да. Өйткені, Ә.Бөкейханов Октябрь революциясына дейінгі қазақ қоғамындағы аса белсенді әрі көрнекті саяси тұлға болатын. Оны мұндай дәрежеге көтерген жеке басының қабілетімен бірге сол қабілеттің толық ашылып, көрінуіне себепші болған өз кезеңіндегі тарихи оқиғалар екендігі даусыз. Ә.Бөкейханов негізін қалаған Алаш партиясы мен ол басқарған Алашорда үкіметіне байланысты 20-шы жылдардың екінші жартысы мен 30-шы жылдардың бас кезінде, яғни тарих ғылымында «ақ – қара», «дос –жау» сияқты догматтық схемалар бел алған кезде жасалынған біржақты тұжырымдар көптеген қазақ зиялыларының қоғамдық қызметін ғылыми тұрғыдан талдауға кедергі жасап келгені белгілі.Тек жариялылық пен жаңаша ойлау жүйесі ғана бұл тақырыпқа қайта оралып, оны іргелі ғылыми принциптер арнасында қарауға жол ашып отыр.
  Ә.Бөкейхановпен оның серіктері қызметін қарағанда алдыға көлденең тартылатын бірінші пікір – олардың Қазақстанда буржуазиялық тәртіп орнату үшін жасаған әрекеті, сол мақсатта азамат соғысы жылдарында түрлі реакциялық күштермен жақындасуға баруы. Бөкейхановтың, ол басқарған Алашорда үкіметінің социалистік революцияны тура түсініп қабылдай алмағандығы, сондықтан да белгілі бір мерзімде совет билігінің жаулары жағында болғаны даусыз шындық. Бірақ сонымен бірге осы уақытқа дейін ғылыми әдебиетте бұл мәселенің тек осы қыры ғана қаралып, күрделі тарихи құбылыстың басқа жақтары талдаудан тыс қалып келгені де ақиқат. Олай болса, кез-келген қоғамдық құбылысты жан-жақты қайшылықта қоғамның даму диалектикасы барысында қарау арқылы олардың әлеуметтік мазмұнын тарихи орнын анықтау ғылымның түпкілікті міндеті екендігін негізге ала отырып, бұл мақалада Ә.Бөкейхановтың саяси көзқарасына қатысы бар, бірақ әлі жеткілікті дәрежеде қарастырылмаған кейбір деректерге тоқталмақпыз. Олар белгілі дәрежеде қазақ интеллигенциясы тұңғыш буынының өмір жолына да ортақ десек, шындықтан алшақ кетпейміз.
  Сонымен, Ә.Бөкейханов пен оның серіктерінің қоғамдық қызметін ғылыми талдауда жеткілікті дәрежеде назар аударылмай келе жатқан негізгі мәселелердің бірі – Октябрь революциясы қарсаңындағы қазақ қоғамының табиғи-тарихи формациялық даму мүмкіншіліктері және олардың қоғамдық ой мен азаттық қозғалысқа әсері. Басқаша айтқанда, ХХ ғасырдың бас кезінде Россия капитализмінің ықпалымен осы тұрғыдағы бірлі-жарым қадамдар жасала бастаған қазақ феодалдық қоғамының қойнауында негізінен буржуазиялық-демократиялық сипаттағы өзгерістерді мақсат еткен қозғалыстың пайда болуы қаншалықты табиғи құбылыс еді? Бұл қозғалыстың мақса-мүддесін мүмкіншілігін, әлеуметтік-таптық құрамын анықтаудың Ұлы Октябрь қарсаңындағы және одан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық даму ерекшеліктерін түсінудегі маңызын жоққа шығару қиын.
  ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы шаруашылықтың товарлық сипат ала бастағандығы туралы еңбектер баршылық. Бізге бұл арада керегі аталған процестің рухани өмірдегі, қоғамдағы қозғалыстағы көрінісі, оның айғақтары. Батыс Европадағы буржуазиялық революциялардың ту етіп көтерген ұрандары «Бостандық, теңдік, туысқандық» еккендігі мәлім. Бұл ұрандардың орта ғасырлық феодалдық тәртіптерді ығыстырып, оның орнына буржуазиялық қатынастардың салтанат құру барысында прогресшіл роль атқарғандығын ешкім де жоққа шығармайды. Салтанат құрған бостандық буржуазиялық бостандыққа айналғанымен, бірақ оның келесі, социалистік қатынастарға өтуді қамтамасыз ететін табиғи баспалдақ екендігін кезінде К.Маркс пен Ф.Энгельс жан-жақты дәлелдеп берген болатын. Демек, кез-келген орта ғасырлық феодалдық тәртіп отарлық қанаудың құрсауындағы қоғамдық организмнің тереңінен «Бостандық, теңдік, туысқандық» ұрандарының ерте не кеш бой көтеруі табиғи құбылыс, өмір талабы.
  Марғау жатқан қазақ қоғамын оятқан 1905-1907 жылдардағы тұңғыш орыс революциясы тұсында Ұлы француз революциясы ту етіп көтерген ұрандар Россия арқылы қазақ даласына да жетіп, жаңа қалыптаса бастаған қазақ демократиялық интеллигенциясы бұл принциптерді өзі іздеген жоғындай қабылдады, сахарағ дабыл қағып, халқының намыс сезіміне қозғау салды, бостандық пен теңдік үшін күреске шақырды. «Оян, қазақ!» деп надандық пен құлдықтың түнегінде жатқан қазақ қоғамына от тастағандай болған М.Дулатов 1915 жылы жазған өлеңінде жастарға жөн сілтеп: «Айнымай тұтқан жолың болсын мынау: азаттық, ағайындық, теңдік сұрау», - деп жазды. 1917 жылы қазақтардың жерге байланысты табиғи талабын қанағаттандыруға құлықсыздық танытқан Уақытша үкіметтің саясатына налып, Ә.Бөкейханов «Бостандық, теңдік, туысқандық болғаны рас болса, біз, қазақ, бурят, енді бұл зорлыққа көнбейміз», - деді. Бұл келтірілген деректер қазақ интеллигенциясының алғашқы буын өкілдерінің француз буржуазиялық революциясы көтерген ұрандармен жақсы таныс болғандығын көрсетсе керек. Өз кезегінде архив материалдары да бұл ойды растай түседі. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А. Байтұрсынов және басқа қазақ зиялыларының Октябрь революциясы қарсаңындағы қоғамдық қызметі Орынбор қаласымен тығыз байланысты. Архив документтері бойынша, олар қатынасып тұрған тұрған осы қаладағы Каримовтардың кітап дүкенінен жандармерия адамдары «Взятие Бастилии», «Парижская Коммуна», «Как французы добыли себе свободу» сияқты сатуға арнайы орындар тыйым салған кітаптарды конфискелеген (орынбор облыстық архиві, 21-қор, 2-тізбе, 625-іс, 19-28 беттер).
  Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және басқа да қазақ интеллигенциясы өкілдерінің буржуазиялық демократияға иек артуы, қоғамдық даму мен өзгерістерге сондай тұрғыдан қарауы сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының ішкі талаптарынан прогресті құбылыс еді. Демек, ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптаса бастаған тұңғыш қазақ интеллигенциясының Ә.Бөкейханов, М.дулатов сияқты өкілдерінің қоғамдық көзқарасының буржуазиялық-демократиялық деңгейде болуы толық табиғи құбылыс, ол ғылымда да солай қабылдануға тиіс еді, бірақ өкінішке орай, ол мүлдем басқаша түсіндіріліп келді.
  Отарлық езгіге қарсы күрес жолына түскен Шығыс елдеріне тән қайсібір белгілер Қазақстандағы азаттық қозғалысына да тән екендігі даусыз. Міне, осыған байлаынсты қазақ азаттық күресінің басында тұрған ұлттық демократиялық интеллигенция мен Шығыс елдеріндегі азаттық қозғалысбасшыларының қоғамдық қызметінде, күрес құралында, алдына қойған мақсат-мүдделерінде ұқсас жайлардың болуы зерттеу еңбектерінде есепке алына бермеуі мүлдем түсініксіз. Тіптен кейбір ғалымдар мұндай салыстыруға қарсы екендігін жасырмайды да. Олардың мәселені талдау әдісінее қарағанда, Қазақстан ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері бар, белгілі дәрежедегі дербес қоғам емес, бар болғаны империяның артта қалған, болар-болмас өзгешелігі бар шет аймағы есебінде ғана.
  Мәселені бұлай талдаудың тарихи шындықты анықтауға тигізер зияндығы қандай? Осы уақытқа дейін бұл мәселеге қатысты еңбектерде қазақ демократиялық интеллигенциясының Октябрьге дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі қызметіне баға беруде негізгі алынған басты өлшем олардыңсоциалистік идеологияны қабылдауы немесе қабылдамауы болып келді. Негізінен орталық аудандардағы пролетариаттың бастауымен жүзеге асқан социалистік революцияның таптық сипатын бірден түсініп қабылдаған ұлттық интеллигенция өкілдері прогресті, ал алғашқы кезеңде оның әлеуметтік мазмұнын, түпкі мақсатын түсіне алмаған, соған байлаынсты толқуда болған зиялылар реакциялық, ал Алаш партиясы құрамында болғандар тіптен контрреволюциялық топқа жатқызылды. Шындығын айтқанда, соңғы топтағылар аз болған жоқ. Октябрьге дейін ұлттық интеллигенцияның дерлік белсенді бөлігі 1917 жылы шілде айында құрылған Алаш партиясы төңірегіне топтасқан болатын және олар оның ұлттық бостандыққа қызмет ететіндігіне сенді. Бұл бағыттағы қайраткерлердің қатарында А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М. Тынышпаев, С. Асфендияров, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ғ. Қарашев және басқа көптеген ірі ғалым, ақын-жазушылардың болғандығын айтса да жеткілікті. Ал осы бағыттағы топтын социалистік идеологияның бірден қабылдай алмауына қандай әлеуметтік-экономикалық, саяси себептер болды, олардың саяси-әлеуметтік бағдарының Алаш партиясы программасы түрінде көрінуіне қандай негізде бар еді – сияқты салондар жауапсыз қала берді. Егер 30-шы жылдары бұл сияқты сауалдарға жауап іздеу хауіпсіз емес болса, қазіргі тарихи әділдікке бет бұрған жағдайда оларды сол жабулы күйінде қалдыру орны толмас өкінішпен тең болар еді.
  Егер осы аталған сауалдарға мейілінше қысқа жауап беруге тырыссақ, онда, біздің пікірімізше, мынадай жайларға тоқтауға тура келеді. Қазақ демократиялық интеллигенциясы Октябрь революциясы жеңгеннен кейінгі алғашқы кезенде социалистік идеологияның бірден қабылдай алмаса, ол оның қоғамының прогресті дамуына қарсылығынан емес болатын. Олардың ұстанған бағдары бар болмысымен сол кезеңдегі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухъани жағдайынан туындап жатты сол шындықпен тікелей байланыста болды. Міне, осыған орай ұлттық интеллигенцияның әлеуметтік-таптық позициясының қалыптасуына тікелей ықпал еткен мынадай факторларды бөліп айту қажет. Біріншіден, егер социалистік идеологияның негізгі алып жүруші және іске асырушы күш жұмысшы табу болса, ол тап қазақ қоғамында әлі жоқтын қасында еді. Ал қоғамының негізгі бұқарасы – малшы шаруа қзінің таптық мүддесі үшін белсенді күреске шығуға әлі даяр емес-ті.
  Екіншіден, 1917 жылға дейін қазақ қоғамы алдыңда тұрған жалпыға ортақ негізгі міндет отарлық езгіден құтылу болды. Бұл күресте қоғамның барлық прогресті топтарын біріктіре алатын саяси-әлеуметтік күш ұлттық интеллигенция еді. Отарлық және әлеуметтік езгідегі қоғаммен өзін-өзі тану сансы сол тарихи кезеңде белгілі обьективті себептерге байланысты ұлттық интеллигенция арқылы жүрді және бұл заңды құбылыс болатын.
  Сонымен бірге сол тарихи кезеңдегі тұңғыш ұлттық интеллигенция буының өзіне тән қалыптасу ерекшеліктері, соған сай әлеуметтік-психологиялық дүниетанымы болғандығын ескермеуге болмайды. Октябрьге дейінгі ұлттық интеллигенцияны патша өкіметі негізінен қазақ даласын толық отарлау мақсатына қызмет етуге әзірледі. Өлкені отарлау аппаратында немесе оқу-ағарту саласында қызметте болған ол бүкіл отарлау процесін көз алдынан өткізді, ұлттық теңсіздіктің, қанаудың не екенің жақсы түсінді. Соның нәтижесінде ол отарлау мүддесіне қызмет етуші интеллигенциядан ұлттық, ұлт-азаттық қозғалысты бастаушы интеллигенцияға айналды. Сондықтан да оның дүниетанымында ұлттық мүдде, бостандық басым орын алды. Басқаша болуы мүмкін де емес еді. Тура осындай эволюциялық жолдан өткен қазақ интеллигенттердің бірі, 20-шы жылдардың бас кезіндегі қазақ республикасының оқу-ағарту комиссары Кенжин, 1922 жылы осы мәселеге орай мынадай пікір айтқан болатын: « Қазақ интеллигенциясына келсек, самодержавиенің оқу орындарында дуалистік рухта тәрбие алған оның басым көпшілігі ұлтшылдықпен уланған болатын, өйткені интернадционализм рухында қалыптасу үшін пролитариат қазаныңда қайнау міндет, немесе материалистік дүниетанымға негізделген жоғары интеллектуалдық өрісі болуы шарт, ал ондай жағдай Қазақстанда түзіле қойған жоқ-тын.
  Сонымен, біз бір жағында мәдени деңгейі, саяси санасы өте төмен қазақ бұқарасын, ал екінші жағында ұлтжанды интеллигенция тұрғаның көреміз». («Степная правда», Орган Киргизского обкома РКП (б) и КирЦИКа, 1922 жылғы 14 қараша).
  Сондай-ақ, бұл жалғыз қазақ ұлттық интелигенциясына ғана емес, жалпы барлық отар елдеріне ортақ қоғамдық құбылыс болатын. Дж.Неру осы тарихи кезеңде ұлтшылдық (национализм) «бүкіл Азия елдерінде үстемдік құрған прогресшіл күш болды», дейді. (Қараңыз: Дж.Неру. Открытие Индии. М., кн.2 111-бет). Тәуелсіз Үнді мемлекетінің негізін қалаушы кешегі отарлық езгінің табы көңілден тез арада кете қоймағандықтан, тіптен бостандық алғаннан кейін де ұлтшылдық сезім біраз уақытқа дейін қоғамдық дауда қуат беруші елеулі фактор болып, қала беретіңдігін айтады.
  Кезіңде, Октябрьге дейінгі ұлттық интеллигенцияға қарсы «ұйымдасқан шабуылға» даярлық енді қолға алынған шақта, республикалық баспасөзден сөз алған анони автор алаш «қозғалысы туралы мәселені шешу оның бұрынғы мүшелері үшін идеологиялық сынға» айналып отыр деп жариялағаннан (1927 ж.) бері бұл қозғалыстын антиимпериалистік, ұлт-азаттық сипатын айтуға біржола титім салынды. Мәселені тек айыптау тұрғысынан талдау патшалық билік тұсында сепаратистер есебінде жарияланып, сол үшін абақтыға жабылған, қуынға ұшыраған ұлттық интеллигенция өкілдеріне енді сталиндік тоталитарлық тәртіп орнағаннан кейінгі мезгілде антисоциалистік, реакцияшыл күш есебінде қарауға жол ашып берді.
  Міне, осы аталған факторлар өз кезегінде барлық отар елдеріндегі ұлтытқ-демократиялық күштердің әлеуметтік-саяси көзқарасын талдауда негізге алынатындығы белгілі. Сун Ят-Сен, Махатма Ганди сияқты қайраткерлердің марксизммен жақсы таныс бола тұрып, оның позициясына көше қоймауы осы аталған себептермен түсіндірілсе, оған ешкім де қарсы шыға қоймайды. Солай болуы толық негізді де. Өкінішке орай, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты қазақ интеллигенциясы өкілдерінің көзқарасын түсіндіруде бұл факторлар есепке алынбады. 30-шы жылдары мәселені осы бағытта түсіндіруге тырысқан ғалымдарға «алашордашыл» таңбасы тағылды.
  Ә.Бөкейхановтың саяси көзқарасы, жоғарыда айтылғандай, тұңғыш орыс революциясы ықпалымен ұлт-азаттық күрес жолына түскен қазақ қоғамы жағдайында қалыптасып, дамылсыз даму мен өзгерісте болды. Бірақ ол туралы азды-көпті қалам тартқан авторлар кейде байыпқа бармастан, оның кадеттер партиясының құрамынан ресми түрде шыққанын есепке алмай – оны кадет, қазақ қоғамын республикалық құрылыс жолына түсу үшін күрескендігіне қарамастан- байшыл, орта ғасырлық феодалдық тәртіпті көксеуші, европалық білім мен мәдениеттің белсенді насихатшысы болғандығына қарамастан – тар көзқарастағы ұлтшыл, ескі әдет-ғұрыпты жақтаушы ретінде атап келді. Мәселеге қатысты барлық деректерді сарапқа салар болсақ, бұл пікірлердің негізді еместігіне, ал қайсыбірінің нақақтан таңылған жала екендігіне көз жеткізуге болады. Енді соларға тоқталайық.
  ХІХ ғасырдың соныңда Россия империясында саясаттан тыс қалған түпкірді табу қиын болар еді. Ә.Бөкейханов сол өткен ғасырдың 80-ші жылдары империяның Шығыстағы ірі саяси орталықтарының бірі – Омбы қаласында техникалық училищеде оқыды. Бірақ, оның шын мәніндегі үлкен саясаттың не екендігін түсінген кезі, әрине, Петерборда орман техникалық институтында оқыған жылдарына түс келеді. Мұнда ол студенттік қызу айтыстарға қатынасып, ХХ ғасыр босағасынан аттағалы тұрған Россияның қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы түрлі қайшылыұты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шындай түсті Ә.Бөкейхановтың бұл жылдардағыф рухани ізденістерінен хабарлар бір автор «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы номерінде ол туралы былай деп жазған еді. «В бытностть студентом лесного института принимал самое деятельное учестие во всех студенческих делах, всегда примыкал, к крайней левой. Во времия разгара споров о марксизме очень энергично отстаивал тезисы экономического материализма».
 «Қуандым түнде жүріп, күн шығар деп...»
 Институтты аяқтағаннан кейін Омбыдағы орман шаруашылығы училищесінде матеметика пәнінен сабақ беріп жүріп Бөкейхановтың өкімет орындарына қазақ даласына жаппай қоныс аудару саясатына көшуді даярлап берген экспедициялардың бірі – Ф.А. Щервина экспедициясына тартылуы оған қазақ қоғамының экономикалық жағдайымен тереңірек танысып, отарлау саясатының механизмін зерттеуге мүмкіндік береді. Дегенмен Бөкейханов сияқты қазақ оқығандарының саяси көзқарасының мүлдем жаңа сапаға көтеріліуіне тұңғыш орыс революциясы ерекше ықпал етті. Өйткені, сол ықпалдың арқасында қазақ азаттық қозғалысы тұңғыш рет ұйымдасқан саяси бағдар жолына түсе бастады. Патшалық отарлау аппараты өзіне қызметке даярлаған түрлі мамандық иелері арасынан шыққан қазақ зиялылары елде жаңа сипат, жаңа өрлеу ала бастаған ұлттық қозғалысқа саналылық, ұйымдасқан сипат беру жолдарын қарастырды. Осы бағытта газет шығару, күреске шақыратын кітаптар бастырып тарату, көкейкесті қоғамдық саяси талаптар қойған педициялар ұйымдастыру сияқты бұрын қазақ тарихында болмаған саяси күрес құралдарын игере бастады. Сан жағынан аз, әлеуметтік-саяси күресте жинаған тәжірибесі мардымсыз ұлттық интеллигенция үшін бұл жеңіл-желпі емес істерді көтеріп алып кету оңайға түспегендігі анық. Осы тарихи кезеңде ол атқарған жұмыстар арасынан мыналарды бөліп айтуға болар еді. Олар: белгілі Қарқаралы педициясын ұйымдастыру және өлкеде Россиялық конституциялық – демократиялық партияның жергілікті филиалын құру жолында жасалған әрекет. Сол тұста жалпы қазақ қоғамының саяси өмірінде жаңалық есебінде болған бұл оқиғалардың Бөкейханов қызметіне тікелей қатынасы болғандықтан, олардың тарихи және қоғамдық-әлеуметтік астарына қысқаша тоқталып өтейік.
 1905 жылы маусым айында Қойанды жәрменкесінде жазылған Қарқаралы педициясында қазақ қоғамының негізгі ұлттық мүддесі есебінде мынадай талаптар қойылады: діни сенімдерді атқаруда, оқу-ағарту жүйесін ұйымдастыруда жергілікті халықтың еркіне қайшы келетін шектеулерді жою; ауылдарда сабақ орыс тілімен бірге қазақ тілінде де жүргізілетін мектептер ашу; қазақ халқының мұң-мұқтажын талқылауға қажет құрал –цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру; жаппай қоныстану қарқынын күшейіп, құнарлы жерлердің қоныстанушыларына өтуіне байланысты қазақтар орналасқан жерлерді олардың заңды меншігі екендігін мойындау; мемлекеттік аппартта, сот орындарынада іс қағаздарын қазақ тілінде де жүргізу, олардың жұмысында қос тілділілікті жолға қою, т.с.с. (Қараңыз: Брайлин С., Шафиорв Ш. Очерки по историю Алаш-орды. Алма-ата- Москва, 1935, с.94-96).
 Патша әкімшілігі алдына педиция түрінде қойылған бұл талаптар қазақ қоғамының сол кезеңдегі әлеуметтік-саяси деңгейінен туындаған жалпы демократиялық сипаттағы талаптар болатын. Егерде оларды тарихи тұрғыдан қарар болсақ, басқа дәрежеде көрінуі тіптен де мүмкін емес еді. Басқаша айтқанда, бұл тарихи кезеңдегі қазақ қоғамындағы азаттық қозғалысы, Шығыстағы революциялық өрлеуге байланысты В.И.Ленин атап көрсеткендей, «адамның ең қарапайым праворлары жолындағы демократия жолындағы» күрс еді. Қарқаралы педициясының тарихи маңызы сапалы жаңа даму сатысына аяқ басқан қазақ азаттық қозғалысының ең негізгі талап –тілектерін тұңғыш рет тұжырымдап, қалыпқа салып, патшалық билік алдына қойып, сол арқылы қазақ еліне өз еркіндігі үшін күрес жолына түскендігін ашық-анық білдіруінде еді. Ғасырлар бойы орталық, әлеуметтік езгіде келе жатқан халық тарихы үшін бұл қатардағы оқиға болмаса керек. Сондықтан да осынау документ ғылымда өз дәрежесінде бағалануға тиіс. Өз ретінде айта кетелік, кезінде отаршыл әкімшілік тұрғысынан ол солай бағаланды да. Жандарым орындары бұл документтің шамамен авторы деген кісілерді сепараттық насихат, билікке қарсы әрекет жасады деген сияқты түрлі айыптармен қуғынға алынып, абақтыға да жапты. Бұдан былайғы кезенде қазақ даласындағы патша жандармериясы басқа революциялық күштермен бірге қазақ демократиялық интеллигенциясын да қуғынға ала бастады, сөйтіп қабырғасы қата қоймаған ұлттық демократиялық интеллигенция халық тарихындағы азаттық күрестің жаңа бетін ашты.
  Саяси күрес жолына енді түсе бастаған ұлттық интеллигенцияның бұл кезеңдегі рухани ізденісі –қоғамның бұдан былайғы даму бағыттарын анықтау әрекеті болды. Егер де көрші түркі тілдес қоғамдарда отарлық қанауға жауап әрекет есебінде пантюркистік, панисламдық ағымдар етек ала бастаса, қазақ оқығандары ешқандай ауытқусыз «батыстық» бағытты ұстанатын. Бұл кезекте негізінен билеуші топтар арасынан шыққан олардың саяси –әлеуметтік бағдары Россияның радикалдық буржуазиялық партиясы –кадеттердің ұстанған бағытымен тоғысқандығы да тарихи шындық. Өзінің бастапқы саяси күрес кезеңіңде самодержавиялық билікті ұтымды сынға алып, оған қарсы оппрзицияда болған конституциялық-демократиялық партияның Қазақстанда бөлімшесін ашуға ынта көрсеткендердің бірі Ә.Бөкейханов болды. Ол 1905 жылдың соныңда басқа да қазақ интеллигентерімен бірге Оралда бес облыстық делегаттық сьезін өткізіп, «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру шарасына қатысады.
 Ал келесі 1906 жылы маусым айында осындай жиылыс Семейде де болып өтті. Ол туралы « Семипалатинский листок» газеті: «10-шы маусымда са,ат 12-де Семейде қазақ сайлаушыларының бірінші сьезі болып өтті. Оған 150-ден астам адам қатысты... әңгімені Ә.Н.Бөкейханов бастап, ол жиылысты «Народная свобода» партиясының программасымен таныстырып, отырғандар оған қосылу турасында қаулы қабылдады» деп, жарыссөзде ол партия туралы Шәкәрім Құдайбердиев және басқалар сөйлегендігін келтірді. («Семипалатинский листок», 1906 жылғы 13 маусым). Жас қазақ буржуазиясының мүддесін көздеген бұл партияның программасымен таныса отырып, оның соңымен бірге жалпыұлттық мәселелерді саяси мақсат ретінде күн тәртібіне қойғандығын байқаймыз. Партия программасы сол кезде Оралда Камиль Тухватуллиннің басқаруымен шығып тұрған «Фикер» (Пікір) газетінде жарияланған. (1905 жылғы 25 желтоқсан, №5). Онда қазақ жерлерін бүтіндей оның меншік етіп жариялайтын заң қабылдау, ішкі Россиядан көшіп қоныстану процессін тежеу, кедей «жұмысшыларға» еркіндік, теңдік беру оларға пайдалы заңдар шығару, қазақ балалар үшін мектеп, медресе, университтер ашу, т.с.с. талап-тілектер айтылған. Бұл мақсаттардың сол кезде іске аспағандығы белгілі, дегенмен 1905 жылдың өзінде алдына осындай міндеттер қойған саяси партия нұсқасы пайда болуының өзі қазақ қоғамы үшін ілгері басумен тең еді.
 Сонымен біірнші орыс революцисынан кейінгі кезеңде қазақ оқығандарының алғашқы ізденіс тәтижесінде жасаған тұжырымы – қазақ қоғамын орта ғасырлық мешеуліктен алып шығатын жол Россия арқылы жеткен дамудың батыстық нұсқасы, басқаша айтқанда, буржуазиялық қатынастарға жол ашу. 1910 жылы жарық көрген мақаласында Ә.Бөкейханов ол туралы былай деп жазды: «Таяу болашақта далада қырғыз арасында қалыптасып келе жатқан екісаяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы ықтимал. Олардың бірі ұлттық – діни атанып, мақсаты қазақтарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі – батыстық бағытта... Алғашқысы үлгі ретінде мұсылман татар партияларын алса, соңғысы - орыс оппозициялық, мәселен, «Халық еркіндігі» партиясын алу мүмкін».
  Әрине бұл арада ешқандай саралаусыз жалпы Батысты мензеумен шектелсек, ағаттық болар еді. Егер Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жарияланған публицистикалық мақалаларына зер салсақ оның Батыстың , Россияның демократиялық дәстүріне жақын болғандығын ажырату қиынға соқпайды. Осы басылымда В.Г.Королинконың алпыс жылдық мерейтойына байланысты қазақ оқушысына жолдаған ашық хатында Бөкейханов былай деп жазды: «Балқан соғысы алғаш басталғанда Болгар патшасы бұл соғысты крест пен ай соғысы қылмақ болды, осы ант ұрған сөзді орыстың, болгардың талай газетасы көтеріп алып кетіп, соғыс хайуандығын осылайша паналамақ болды. Сонда Короленко хат жазды, «Крест һәм жарты ай» деп. Бұл хаттың әдемілігі менің жаман ақылыма симады... қысқа сөз мыану: қай соғыс болса да хайуандық, крестпін деп түрік қаласын алғаның, қатын, бала, кемпір, шалды өлтіріп отырған жоқпа? Бұл хайуандық емес пе? Болгарға, түрікке қай патшалық қол астында болса да бағыты бақытты болғаны керек. Соғысты қылып отырған жұртты бастап жүрген ант атқандардың не керегі бар? Түрік те, Болгар да ағай, дос болатын адам баласы емес пе?..» («Қазақ», 1913, №25). Германия жұмысшы қозғалысының көрнекті өкілі А.Бебельдің қаза болуына байланысты жариялаған мақаласында да Бөкейханов қазақ оқушысын қайраткердің бұқара ііс үшін күресімен, неміс жұртының демократиялық дәстүрімен таныстырып, мақаласын қазақ жұртына Бебельді үлгі етумен аяқтайды. Оның түсінігі бойынша халық пен халықты жақындастыратын көпір- демократиялық мәдениет дәстүр. Белгілі ғалым Г.Н.Потаниннің өмір жолы, ұстанған бағдарымен таныстыруды көздеген мақаласында қазаққа өнер-білім басқа жұрпен бірге теңдікке жету үшін керек екендігін айтып, былай деп жазды: «Қазақты автономия қоса, қараөткел алаштың ортасы, сонда университет салып қазақтың ұлын, қызың оқытсақ, «Қозы-Көрпеш –Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенің Еуропа білер еді-ау» дейтін Г.Н.»
  Қоғамдық күрес жолына түскен жас қазақ интеллигенциясының алдына көлденең артылған өзекті жайлардың бірі – ел тағдырына қатысты жер мәселесі еді. Бұл мәселе оның азамат санасына қозғау салды, үлкен сын болды. ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында қабылдаған стольпиндік заңдардың артын ала Қазақстанға ішкі Россиядан жерсіз шаруалардың топ-тобымен ағылуы өлкеде жер мәселесін асқындырып жіберген еді. Бұл ретте қазақ шаруаларына әсіресе ауыр тиген 1909 жылы 9 маусымда Министрлер Советі бекіткен Ақмола, Семей,Торғай және Орал облыстарындағы мемлекеттік жер қорын анықтау туралы нұсқау мен Түркістан өлкесін басқару туралы ереженің 270-статьясында қосымша қабылдаған заң болды. Крепостниктік сипатта жазылған бұл екі документ іс жүзінде қазақ жерін переселен басқармасын еркіне берді. Бұл документтер бекітіле салысымен переселен мекемелері қазақ жерлерін тезірек әрі кең көлемде өз қарамағына алу мақсатында қазақ шаруаларына орыс қоныстанушылары сияқты 15 десятина жер үлесін алып, отырықшылыққа көшу науқаның ашты және бұл процесс қайсыбір аудандарда қорқыту-үркіту шаралармен қатар жүрді. Міне осындай жағдайда отаршыл аппраттың зорлығын, жасап отырған айласын жан-жақты сынап, әшкерелеп, сол арқылы халықтың көзін ашып, оған бұл көкейкесті мәселені өз дәрежесінде түснуге көмектесе алатын ғылыми, публицистикалық мақалалар аса қажет болды. Бұл міндетті империяның саяси құрылысымен жақсы таныс жер қатынастары мәселесін терең меңгерген адам ғана жүзеге асыра алатын еді.
 «Айқап» және «Қазақ» басылымдары бұл мәселені ұлттық ауқымды көтеріп, пікір сайысқа айналдырды. Халық тарихында баспасөз жүзінде тұңғыш жүрген бұл айтыс барысында авторлар екі баламаны пікірге бөлініп кетті. Бірі (оны жақтаушылар – Б.Қаратаев, М.Сералин және басқалар) ішкі Россиядан шаруалардың жаппай көшіп келіп қоныстану жағдайында отырықшы нормамен болса да, егіншілікке қолайлы жерден үлес алып, отырықышлыққа көшуді қолдады. Бұл пікірлер жұртқа басшылық жасап, отырықшы нормамен жер үлесін алып қоныстанды. Оларға ерген оқыған жастар қазақ отырықшылыққа көшсе, оның арасында өнер-білім тарауға жағдай туады деп түсінді.
 Екінші пікірлер (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және басқалар) көшпелі шаруашылыққа үйренген қазақ отырықшы нормамен үйлес алып, көндігіп кете алмайды, мұндай норма тек жері құнарлы, бұрыннан егіншілік мәдениетін игерген аудандарға ғана келеді, ал оны шығарған үкімет орындарын түпкі мақсаты еппен, айламен қазақ жерін көбірек алу және қазақтардың өз ризашылығымен алдық деген пікір түзу деп түсіндірді.
 Мәселенің егжей-тегжейін халыққа түсіндіруге көп күш салған «Қазақ» газеті бетінде бұл тақырып бойынша дәлелді, терең ғылыми, публицистикалық мақалалар жариялаған Ә.Бөкейханов болды.
 Жалпыұлттық пікірсайыстың берер пайдасын айтып, ол: «сөз айыршықты деп, әдепсіздік тіл көрсеткен де бауырым бар. Талас дүния – ғұмыр сифаты, талас-тартыс жоқ болса, ғұмыр абақты болар еді. Айыр сөзде айып жоқ. Ақылға саңырау да айып» -деп жазды. Ол деректерге негізделген нанымды мақалаларында халыққа патшалықтың жер туралы заңдарының отарлық реакциялық мазмұнын түсіндіруді көздеді. Переселен басқармасының қаруына айналған 1909 жылғы 9 маусым да Министрлер советі бекіткен документтің заң емес, нұсқау екенің, демек оған сүйеніп патша чиновниктерінің жергілікті халықты өз жерінен ығыстыруы заңсыз, ал переселен басқармасы айтты деп халықтың ығыса беруі жігерсіздік екенің айтып: «Қазақ 15-тен надел алмаса, қыстау, егіжай, шендік, арығынан қу, айда деген закон қайда?», «15-тен алсан жер белгілеймін, қазақ болып отырсан, жерден күнде көшірем деп, қазақты күнде көшіріп отыр. Өстіп жұртты билеген патшалық бар ма екен? Біздіің патшалық конституция емес пе, біздің патша қол астындағы адамдарының бәріне бірдей адал емес пе? Бізідің қазақ жеріне күнде көшіретін не жазып еді? Бұл жұрт жұмысын жұрт болып істемейтің бе? Әр жерде, әрқайсысың аяғын ат басқан балаша шығармай!» деп жазды. («Қазақ», 1913, №24, 28)
 Айтыс барысында Ә.Бөкейханов келтірген дәлелді, ғылыми негізді пікірлердің бірі –егіншілікке өтудің жеңңіл емес, бұл кезекте жердің табиғи ерекшеліктерімен халықтың психологиялық даярлығын еске алу қажеттігі туралы пікір еді. Ол былай деп жазды: «жердің көп-азына қарамай, жердің һаласына қарай адам баласы мал баққан, ия егін салған». «қазақ жері мал кіндігі, мұнда бұрын қай жұр жүрсе мал баққан. Ғұсмания түркі тарихынша, біздің қазақтың Жетісудағы қанлы деген руы һауасы, жері келісті Еуропалық ақпарат мал бағуды қойып өзге шаруаға айналып отыр. Соқырмен оттас болсаң, көзіңді қысып жүр деген, адам баласының ғұмыр үшін қылған шаруасы һәм жердің һауасына байлаулы».
 Ә.Бөкейханов орманшы-ғалым ретінде шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне өту жеңіл-желпі нәрсе емес екендігін, ол үшін түрлі әзірліктердің қажет екендігін терең түсінді, мақалаларында халыққа мәселені осы тұрғыдан түсіндіруге күш салды да. «Біздің ақылымызша, адам баласының шаруасы бірте-бірте қиыншылықпен, көп жылдарда аударылады. Мал бағып шаруа қылып келе жатқан жұрт, патша 15-тен жер берді деп, екінші бола қоймайды. Мал шаруасы тымақ емес, төре келе жатыр деп қолға жұлып алатын. Мал шаруасын тіршілік үшін ұстап жүрген жұрт 15-тен жер алса, үлкен аяққа тар етік киген болатын. Біз қазақ-ау, 15-тен жер алмай тұрып жан-жағыңа қара дейтініміз содан, қазақ 15-ті алып, осы алақандай жерге мал бақпақ, бұған мал бағылмайды».
 Тарихи әділеттілік үшін атап айту керек, «Қазақ» газеті, Ә.Бөкейханов және оның серіктері қазақ халқының отырықшылыққа көшуіне емес (кезәнде солай түсіндірілді), отырықшы норманың отаршыл мазмұның, аңқау елді алдауды көздеген астарына қарсы шыққан болатын.
 Қазақтарға отырықшы нормамен жер үлесін берудегі түпкі мақсатын отаршыл аппартатың өзі де жасырған жоқ. Ол туралы 1913 жылы 11 маусымда думада сөйлеген сөзінде переселен басқармасының бастығы Глинка: «Қазақ жері қазаөтан көп артылып қалу үшін- яғни переселендегі қазақтаң жерді көбірек алу үшін, біз әдіс істеп отырмыз. Әдіс қылу жолсыздық емес, ептілік. Біз министрлер советіне ептілік етуге рұқсат алып, қазақты ебімізге түсіруге қайырмалап едік, топ-тобымен топырлап түсіп жатыр. Ол істеген ебіміз мынау еді: қазаққа отырықшы болып жер алуға риза болсандар, сендерге де мұжықпен қатар 15 десятинадан еркек басына жер береміз дедік. Айтуымыз-ақ мұң екен қазақтар отырықшы нормамен жер бер деп жабылып сұрап жатыр. Өткен жылда отырықшы нормамен қазақтарға 700 мың десятина жер бердік», -деген еді. («Қазақ», 1913, №20). Үкімет орындарының 15 десятина үлес нормасын не үшін шығарғандығын жоғары мемлекеттік аппарат чиновнигі осылай түсіндірген болатын.
 Міне, сондықтан да мәселенің осы қырын түсінуге шақырған «Қазақ» газеті мен Ә. Бөкейхановтың әрекетін қазақ байлары мен буржуазиясының таптық мүддесін қорғады деп бағалау, әрине, тым біржақтылық болар еді. Қазақстанды отарлау қарқыны мен әдісінің жаңа реңк алуы тұсында олар ұлттық мүдде тұрғысынан да сөйлеген болатын. Баспасөз үстінен бақылаудың күшейген жағдайында өзі ішкі Россияда айдауда жүрген Ә. Бөкейхановқа патшалық әкімшіліктің отарлау саясатын әшкерлейтін мақалалар жазу оңайға түскен жоқ-тын. Тек айтқан ойларының дәлелді, негізділігінен ғана ол патша жандарымдарының жазасынан құтылып отырды. Өз кезегінде жер мәселесі бойынша Ә. Бөкейхановтың біліктілігін патша чиновниктері де мойындауға мәжбүр болды. Мәселен, Орынбор губерниясының жандарм бастығы генерал-майор Бабич 1914 жылғы 24 қарашада «Қазақ» газеті турасында Торғай губернаторына жазған хатында «из крупных сотрудников известны: Алихан Букейханов, бывший член 1-ой Государственной Думы, специалист по аграрному вопросу степных областый», - деп көрсетті. (Орынбор облыстық архиві, 21-қор, 9-тізбе, 4-іс, 128 бет).
 Реті келгенде, айта кетелік, ұлы Октябрьге дейін қазақ қоғамының саяси және рухани өмірінде үлкен кезең болған «Қазақ» газетің ұйымдастыруда және оның жалпыұлттық деңгейге көтерілуіндегі Ә.Бөкейхановтың атқарған еңбегі аса зор. 1913 жылдың ақпанынан шыға бастаған «Қазаққа» дейін жалпыұлттық газет шығару әрекеті «лгері баспаған. Оның газғет шығару ісіндегі мол тәжірибесі (1906 – 1907 жылдары «Иртиш», «Омич», «Голос степи» сияқты газеттерді редакциялаған), Мемлекеттік Дума депутаты ретінде сол кезеңдегі Россия жоғары билік орындарына жақын адамдармен тікелей таныс болуы «Қазақты» ұйымдастыруда аз роль атқарған жоқ. Газеттің алғашқы сандарынан бастап ол «Қыр баласы» атты жамылғы есіммен мақалалар жазып, ең күрделі және өзекті мәселелер юойынша негізгі авторға айналды. 1914 жылғы наурыз айында Ташкентте тұратын темір жол инженері М.Тынышбаев Иркутскідегі өзінің танысына: «...В Оренбурге издается киргизская газета поэтами-киргизами Байтурсуновым и Дулатовым, людьми преданными своему делу. Рукаводит А.Букейханов, конечно, я имею касательство и подписываю. Газета очень распространяется», -деп хабарлайды. (Орынбор облыстық архиві, 21-қор, 9-тізбе, 4-іс,67 бет). Әрине, «Қазақты» шығаруда Қыр баласының ролін асыра бағалауға, немесе оның ұстанған бағдары мен редакторы бағытын шатастыруға болмайтындығы түсінікті. Дегенмен, газетті ұйымдастыруда Ә.Бөкейхановтың еңбегін өз дәрежесінде бағаламау да әдәлетсіздікке жатар еді.
 Ә.Бөкейхановтың жер қатынасына байланысты көз қарасы кейінгі жылдары жазған мақалаларында, оның басшылығымен жазылған Алаш партиясының программасынан да айқын көрінеді. Олармен жақсы танысып, Ә.Бөкейхановтың қайсыбір авторлар көрсеткеніндей, тар ұлтшыл, ескі феодалдық тәртіпті жақтаушы болмағандығына көз жеткізу тіптен де қиынға түспейді. Ол, біріншіден, жер үлесін алдымен патшалық билік тұсында үлестен тыс қалып келген жергілікті халық алуға тиіс деп санады, екіншіден, жерді меншік есебінде үлестіріп беруге қарсы шығып, ондай жағдайда егіншілік мәдениетін толық игермеген қазақ шаруасы үлесін «көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытылып жалаңаш шыға келеді», сондықтан да жер қауымға кесіліп, «жерді бірге алған ру, ауыл, болыс өз ішінде өздері тәртіп жасап, әділдікпен» пайдаланғанын жақтады, үшіншіден, жер үлесі «жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы» болғандығын қалады. Әрине, бұл айтылған ойлардың ішінде қайшылықты, әлеуметтік бағыты айқын еместері бар екендігі даусыз, бірақ нақты тарихи тәжірибеден туындағандары да барлығын жоққа шығару қиын.
  Бұл арада баса ашық нәрсе, әрине, Ә.Бөкейхановтың ұлттық мүддеден ары асып, қазақ шаруасының ауыр әлеуметтік жағдайын өзгерте алатын шараларды көре алмағандығы, көре тұра тіс жармағандығы. Бұл мәселеде ол өзінің ұсақ буржуазиялық шектеулілігін анық байқатты. Олай дейтініміз Ә.Бөкейханов 19017 жылғы революциялық өзгерістерге дейінде қазақ шаруасының әлеуметтік жағдайымен жақсы таныс болатын. «Баймын, мықтымын деп атқа мінген жақсылар пішен шабатын жерге , егін жайға жаз қонысқа, қыс тебінге зорлық қылады», -деп жазған ол. («Қазақ», 1913, 10 шілде) үкіметке төлеген алымға байланысты «алымды момын кедейге аударып бай болатын мырзалар көзі соқыр емес, көңілі соқырына салып жүр ғой. Жұрттың момынын тонап алыпболған байлықта қанша береке бар екен», - деп түйеді. Бұл келтірілген пікірлер Бөкейхановтың қоғамдағы таптық қатынастардан жақсы хабардар екендігін білдірсе керек. Соған қарамастан Алаш партияясы программасының VII тарауында «салық мал-ауқат,,табысқа қарай байға –байша, кедейге-кедейше ғаділ жолмен таратылу», -деп жазылуы, әрине, онвың таптық қатынаста буржуазиялық-демократиялық дәрежеден аса алмағандығының көрінісі.
  Кез келген ұлттық демократиялық интеллигенция үшін өзекті мәселелердің бірі – өз халқының қоғамдық құрылысының тарихи даму жолына қатынасы. ХХ ғасырдың бас кезінде ұлттық интеллигенцияның алғашқы буыны н қазақ тарихын өзара талқыға салды. Бұл талдау ұлттық көлемдегі тұңғыш саанлы, мақсатты талдау болатын және ол жаңа қалыптасып келе жатқан ұлттық сананың тұтастыққа ұмтылушылығынын көрінісі есебінде жүрді. Халықтың жүріп өткен жолын, жиған тәжірибесін сарапқа салу олар үшін қоғамдық мешеуліктің себеп-салдарына көз жеткізуге керек еді. Бұл ретте олар өткен тарихты қызықтаудан, оны әсірелеуден алыс, керісінше оған шындық тұрғыдан дәл баға беруге тырысты.
 Қазақ тарихын терең білген, оған байланысты өз пікірі, бағасы болған Бөкейханов ұлттық мешеуліктің түп-тамырын халықты билеушілердің надандығы мен ел бірлігінің жоқтығынан көріп: «бұрынғы хандардын да, бұрынғы билердің де осы күнгі атқа міндім деп жүрген өздеріндей еді. Қазақтың бұрынғы басшыларында әділдік-береке болса, бұл күнде қазақ бұл күйде болар меді? Жұрттың берекесі кетуге түптен себеп болған нәрсе қазақта бірліктің жоқтығы. Бірлік жоқтан қазақтың һәр қайсысын һәр жерде дұшманы ойбайлатқан. Бұрыны хан болсын, билер болсын, әділдіктен жырақ болан, дәл осы күнгі атқа мінген өздеріңіздй», - дейді. Ағартушылық сипаттағы бұл ойын одан әрі жалғастырып: «әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды. Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар, қысты күні үңгірде жатып өз аяғын сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайланса да сорғаны өз аяғы», - деп аяқтайды.
 Қазақстан Россия құрамына еңген кейінгі кезенде патшалық аппарат қазақ қоғамындағы түрлі әлеуметтік –саяси топтар тарапынан саналы түрде ұлт көлемінде мемлекеттік тұтастыққа ұмтылушылық тенденцияларына қарсы «бөлшекте де билей бер» саясатын жүргізіп, саяси бірлік идеясын жөргегінде тұмшықтырып отырғаны мәлім. Патшалықтың XVIII ғасырда Қазақстанда жүргізген бұл сипаттағы саясатына байланысты белгілі тарихшы М.П.Вяткин: «фактически эта политика... было политико поддержки анархии, государственного развала и значит, ослабления казахских джузов... только это политическое ослабление казахского общество и позволило царскому правительству развернуть широкое наступление на казахские джузы», - деп жазған болатын. (материалы по истории Каз.ССР, т.2, ч.2, 1741 -1751гг. А-Ата, 1948, 21-бет).
 ХХ ғасырдың бас кезіңде Қазақстанға буржуазиялық қатынастардың енуі, ұлттық буржуазия мен интеллигенцияның қалыптаса бастауы. Жалпы халықтың ояну жағдайында ұлттық мемлекеттік бірлік мәселесі күн тәртібіне қайдан қойылды. Мемлекеттік билік қажеттілігін бүкілхалықтық көлемде түсіну (мейлі ол ұлттық буржуазиялық элементтер арқылы немесе ұлттық интеллигенция арқылы жүрсін) есею жолындағы барлық халықтар басынан кешіретін тарихи кезең екендігі мәлім.
 Осы тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының прогресті элементтерінің мемлекет туралы ұғым-түсінігін, бағыт-бағдарын Ә. Бөкейхановтың еңбектері арқылы байқауға болар еді. Бұл мәселені арнайы қарауды міндет қоймағандықтан, оның ең негізгі жақтарына ғана тоқтала кетейік. Ә.Бөкейханов ұлттық еркіндік пен дамудың алғышарты ұлттық мемлекеттің болуы деп түсінді. Ол Г.Н. Потониннің өмірбаянына арналған мақаласында ғалымның біз қарап отырған мәселеге байланысты көзқарасына тоқталып: «саяси жолындағы бізге жылы көрінетін бір негізді факты мынау: елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көшбасын алып жүре алмайды. Олай болса көп ұлтты құрылған Россияны бір орыстың билеймін дегенінде мағына жоқ. Россия өзге тілі, тұрмысы, қаны басқа жұртқа автономия беруі керек дейтін Г.Н» - деп жазды. («Ер.Саин», центральные восточное издательство при Н.К.П. Москва, 1923, 89-90 беттер). Оның түсінігі бойынша, ол мемлекет автономия түрінде болмақ. «Автономия болу –өз алды мемлекет болу». Россия федерациялық мемлекет болса, Қазақстан оның құрамына автономиялық негізде еңбек. «Федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада һәр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болат. Әр қайсысы өз тізгінің өзі алып жүреді.
 Үкімет басында учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша келісімді жылға сайланған президент болу..» («Қазақ», 1917, №251). Бір сөзбен айтқанда, Бөкейханов ұсынып отырған автономия буржуазиялық-демократиялық республика болатын. Сондай-ақ бұл көп ұлтты автономия. «Түбінде қазақ ұлты бір автономия бола қалса, ішдегі орысты ала кетеміз бе деген үміт. Біздің қазақ ұлтының автономиясы енді тұрмыс халде туысқан автономиясы болар емес; жерге байлаулы автономия болмақ. Ішіміздегі орыс мұны мақұлдайтын көрінеді» (Сонда). Көп ұлттылық елдің экономикалық, саяси және мәдени дамуына қажет қолайлы фактор болмақ. Мәдени және саяси мешеулік ұлттық мемлекет құрудағы негізгі кедергілер екенің айтып, осы кемшіліктерден құтыла келіп, түпкі мақсат саяси дербес мемлекет түзу болатындығын жасырмай ашық білдірді де. Ол февраль буржуазиялық-демократия революциясынан кейінгі кезеңде Сібір автономиясы туралы жоспарды қолдау есебін түсіндіре келіп: біз ойладық, әуелде Сіьбірге сүйеніп, тасымалдап, жалғасып көшіп кетелік: жіп жалған зор мемлекет күрмеуінен құтылып ап, отау болып соңынан бөлінелік», - деп жазды. (Сонда).
 Ұлттық мемлекет құру Бөкейханов және басқа буржуазиялық- демократиялық бағыттағы интеллигенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды.Олар 1905-1907 жылдардағы орыс революциясынан кейінгі кезеңде алғашында радикалдық бағытта көрінген буржуазиялық конституциялық-демократиялық партияның құрамына еніп,конституциялық демократия шеңберінде қазақ ұлтына автономия ауылдан үмітенді де.Бірақ солардың бұл үмітінін негізсіз екендігін көп ұзамай уақыттын өзіде көрсетіп берді.Кадеттер партиясына үміт артқан тәжірибесіз ұлттық интеллигенция өкілдерінің онымен түпкі саяси-идеялық алшақтығы февраль революциясынан кейін біржола айқындала түсті. Ә.Бөкейханов «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында ол туралы былай деп жазды: «Кәдет партиясы жер адамға меншікті боп берілсе де жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, жалаңаш шыға келеді.
 Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық.
 француз, орыс һам өзге жұрттың тарихынан көрінетің, мола үкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болмақ... сондықтан үкімет ісінен бөліп қоғам болды. Оны орысша «одоление церкви от государства» дейді. Кадет партия менің бұл пікіріме оршып қарайды
 Осы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң... Алаш партиясының ашуғға тырыстым» («Қазақ», 1917, №256).
 Хатта айтылған пікірлердің бәрін еш өзгеріссіз сол жылғы қарашада жарияланған Алаш партиясы программасының жобасында келтірілді. Жобаның «Жұмысшылар» атты VIII тарауында «Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал- демограттардың меньшевик тобының программасын жақтайды»,-деп жазылды. Жандарм орындары анықтағандай, 1913 жылдан бері социал-революциянерлермен байланысты болып келген Бөкейхановтың революцияның өрлеу барысында меньшевиктер программасына жақындауы да кездейсоқ емес болатын.
 Өз кезегінде Бөкейханов үшін кадет партиясының шығып, ұлттық Алаш партиясын құру мемлекеттік суверенитетке жету жолында жасалған келесі саяси қадам еді. Егер 1905-1907 жылдары, одан кейінгі кезеңде де мұндай мақсатын іске асыруға қажетті шарттар түзелмеген болса, Февраль революциясынан кейін елдегі қалыптасқан жағдай оған мүмкіншілік туғызды. Бірақ Россия көлемінде қауырт революциялық өрлеу барысында социалистік революциялы күн тәртібіне ұлттық және таптық мүдделерді бірдей шешу міндетін қойып, ғасырлар бойы езгіде келе жатқан еңбекші бұқара бас көтеріп, барлық құлттық түрінен біржола азат болудан үміттеніп, большевиктік партия соңының ергенде Бөкейханов пен оның идеялас серіктері құрған ұлттық Алаш орда үкіметі тарих көшіне ере алмаған еді. Обьектевті тарих үкімі сондай болатын. Олар ту етіп көтерген ұлттық еркіндік, ұлттық теңдік идеясы қаншалықты тәтті, жағымды болғанымен, большевиктер партиясы Ұлы Октябрь ұсынған ұлттық еркіндікпен бірге таптық бостандық жоспары еңбекші бұқара үшін одан да түсінікті еді.
 Ұлы Октябрь революциясын Ә.Бөкейханов қабылдай алмады. Совет үкіметің ол «найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған» билік деп түсінді. 1917 жылғы 10 желтоқсанда «Южный Урал» (Орынбор) газетіңде жарияиланған «Помятка рабочим, крестьяным и солдатам» атты шағын мақаласында ол В.И.Ленинді, большевиктер партиясын демократиялық принциптерге қарсы шығулар есебінде айыптады. Қазақ жұртына қайырылған мақаласында «Россия мемлекетінің қалі нашар, соғыстан шықтың, уағданы бұздың деп Англия, Франция, Америка, Жапон, Италия бізге соғыс ашса ғажап емес ұлай болса біздің Россия мемлекеті жоғалуы мүмкін», -деп үрей туғызып, «есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы, Алқакөл сұламадан соң 200 жылда басыңа бір қиын іс келеді» , -деп Алаш туы астында бірігуге шақырды. Бірақ ол, оның серіктері ұсынған жоспар ұлттық мемлекеттен асып бұқара жағдайын түбегейлі өзгертерлік нақты жол көрсете алмады. Ұлттық мемлекет дегеннің өзі буржуазиялық автономия деңгейінде болатын. Бөкейханов ол мақсатына Алаш партиясын құрғанға дейін кадеттер арқылы қол жеткізуге тырысса, Октябрь желісінен кейін еңбекші бұқараның жауы Колчак күшін пайдалану арқылы жақындаудан үміттенді.
 1919 жылғы көкек айында Орынбордағы бүкіл Россиялық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі Мұхамедияр Тұнашинге Орталықтан телеграмма келіп, онда қазақ халқына Россия Советтік Федеративтік Социалистік Республикасының Федеративтік үлгі ретінде еркіндігі жарияланып, соған сай өз үкіметін құру қақысы берілгендігі айтылды. Телеграммадағы бұл ой мынадай сөйлемге ұласқан еді: «Қазақтар үшін тарихи маңызы бар осы үкіметтік шара жүнінде хабарлап, Орталық Атқару Комитетінің бұл қаулысын бүкіл қазақ халқына жария етуді өтінеміз және Алаш орда өкілдеріне олардың бұрынғы істері үшін бұдан былай Совет билігі тарапынан ешқандай да қуғындауға түспейтіңдігін тез арада мәлімет қажет». (КПСС Орынбор облыстық комитетінің партиялық архиві, 1-қор, 1-тізбе, 30-іс, 11 бет).
  Бұл В.И.Ленин бастаған Совет үкіметінің ұлы ізгі қайраны еді және ол жаңа саяси биліктің табиғи болмысынан туындаған болатын. Сонымен бірге бұл шешімнің терең тарихи негіздері де бар-тын. Ол белгілі дәрежеде Ұлы Октябрьге дейін бастаған. Отарлық және ұлттық езгіге қарсы азаттық қозғалыстың заңды сипатын марксистік теория тұрғысынан мойындау, соны түсіне отырып, түрлі революциялық күштер арасына өзара ынтымаққа жол ашу саясаты еді.
  Алашордашыларға байланысты ВЦИК-тің 1919 жылғы шешімінен кейін 20-шы жылдардың алғашқы жартысында, Октябрьге дейінгі Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстын жалпыдемократиялық сипатына көзқарас біршама дұрыс кезде, республикада,ы қоғамдық пікір және ұлттық интеллигенция Бөкейхановпен оның серіктеріне теріс айналған жоқ, тіптен оларды негізсіз айыптауға, қудалауға қарсы да болды. Мәселен, 1919 жылы 14 қазанда Қарқарылыда жергілікті тәртіп орындары Бөкейхановты тұтқынға алғанда Түркістан республикасының басшылары С.Қожанов пен Т.Рұсқылов Ташкенттен Москваға ұлт істері жөніңдегі халық комиссары И.Сталинге телеграмма салып, одан Бөкейхановты босатуға араласуды өтінді. 1920 жылы Бөкейханов және басқа Алашорда басшылары Қазақстан Советтерінің Құрылтай сьезіне арнайы шақырылды. 1922 жылдың соңына қарай Семей губерниялық тәртіп орындарының негізсіз айыптаулары бойынша Ә.Бөкейханов пен М.Дулатов тұтқындалып, Орынборға жөңелтіледі. Бұл жолы М.Әуезов бастаған Семей және Қарқаралы зиялылары наразылық танытып, жергілікті билік орындарына оларды тұтқындау негізсіз екендігін айтып, тез босатуды талап етеді. Тұтқыннан босаған Бөкейханов Москваға бет алғанда КазЦИК-тің сол кездегі председателі С.Мендешв аграрлық мәселелер бойынша белгілі маман тәжірибесін шаруашылық істерінде пайдалану үшін арнаулы орындарда оны Орынборда қалдыру туралы келісім алуға күш салады.
  Өкінішке орай В.И.Ленин ескі интеллигенцияның бай тәжірибесін социалистік құрылыста тиімді пайдалану туралы нұсқаулары болғандығына қарамастан, кейінгі жылдары да Ә.Нұрмұхаметұлына сезіктене қарау орын алды. Бірақ ол қалыптасқан әдеті бойынша тапсырылған істі өте сапалы, тыңдырымды орындаудан жалыққан жоқ. 1922-1927 жылдары СССР халықтарының орталық баспасында әдеби қызметкер болып, 1927 жылдың 1 қазаныңда штаттың қысқартылуына байланысты қызметтен босаған Ә.Бөкейхановқа берілген мінездеме: «В своей научной и литературной деятельности в Центральном Издательстве гр. А.Н.Букейханов наряду с основательным знанием языка, хозяйства и быта казахов проявил весьма добросовестьное отношение к возлогавшимся на него обязанностям», -деп жазылған. Осы жылдары ол СССР Ғылым академиясы президиумының тікелей өтініші бойынша тұрақты сарапшы есебінде Қазақстанды жан-жақты зерттеу экспедицияларына қатынасады және оның бұл қызметі де жақсы бағаланады. 1934 жылдың ақпанында белгілі партия және совет қайраткері В.Бонч-Бруевич Ә.Бөкейхановқа революцияға дейін Омбыда шыққан «Степной край» газетіне қатысы болғандықтан сол басылым төңірегіндегі социал-демократтарға байланысты естелігі немесе документтік материалдары болса, көркем әдебиет сын публицистиканың орталық музейіне тапсыруын өтініп, арнайы хат жолдайды. Әлихан Нұрмұхаметұлы репрессияға ұшыраған күнге дейін творчестволық жұмыстан қол үзбеген.
 1937 жылы 27 қыркүйекте СССР жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілген. Әлихан Бөкейханов 1989 жылы 14 мамырда СССР Жоғары сотынын қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды. («Социалистік Қазақстан», 1984 жылғы 7 маусым).
  Тарих – көп қырлы күрделі процесс. Адамзат қоғамының даму барысында түрлі күштермен топтардың прогреске өз ретіңде ат салысуы заңды құбылыс. Сол сияқты әр халықтың тарихи жолында оның өмірінің жаңаруына өз әлінше үлес қосқан күштердің болуы толық заңды. ХХ ғасырдың бас кезінде өмірге келген қазақ ұлттық интеллигенциясының өз халқын прогресс жолына түсіру үшін төккен тері мақтаныш тұтуға лайық. Оның көрнекті өкілдерінің бірі Әлихан Нұрмұхаметқлы Бөкейханов (Қыр баласы) болды. Патшалық болмыс жағдайында саяси күрескер ретінде қалыптасқан оның қызметіңде белгілі қателіктер кеткенімен, социалистік революцияға дейінгі азаттық ерлігіне әділ баға беру бүгінгі ұрпаққа сын.
  Біз өткен тарихымыздағы ірі тұлғалардың қызметің, әрине, ең алдымен әлеуметтік таптық тұрғыдан және сол тарихи контексте қарауымыз орынды. Сонымен бірге олардың шың мәніндегі тарихи орындарын түсіну үшін тек таптық көзқарас шеңберінде қалмай, мәселені бүгінгі мәдени, дүниетанымдық өремізге сай, бүкіладамзаттық даму арнасында, онымен тығыз байланыста қарауға ұмтылуымыз да өмір талабы. Әрбір заманның өз келбеті, өз көкейкесті мәселелері болған. Ә.Бөкейханов және онымен үзеңгілес басқа қазақ зиялылары қалыптасып шыққан тұста қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе –ұлттық теңдік, саяси бостандық болатын.
  Ә.Бөкейханов қара басының қамын өз елінің бақытынан жоғары қойған емес. Ол қазақ еліне жетер бостандықтың орыс революциялық қозғалысына тікелей байланысты екендігін түсініп, басқаларды да бұл шындықты мойындауға шақырды. 1917 жылғы қазанның 21-күні Семей қаласындағы Бостандық үйінде өзінің құрметіне ұйымдастырылған салтанатты кеште С.Торайғыров арнау өлең оқып, одан кейін Ж.Аймауытов сөз алып: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басынды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ.»,-дегенде, осы сипаттағы арнау сөздерге жауап беріп Ә.Бөкейханов былай дейді: Мен олардың жолында жолдастықта жүрген кісі. Жүз жылдан бері бостандық үшін асылған, атылған солар. Тәңірі жарылқасынды соларға бұрын айту керек». («Қазақ», 1917, №251). Бұл Европа, орыс демократиялық мәдениетін өзіңе өрнек тартқан адамның жүрекжарды сөзі болатын. Біз де соған сенейік.
  Ә.Бөкейханов демократиялық орыс мәдениетін қазақ даласына насихаттаушы, ол А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, В.Г.Короленка, Г.Н.Потанин сияқты алдынғы қатарлы өкілдерінің ізгі ойларын қазақ жұртына алғаш жеткізушілер сатында болды. Осы мақсатта ол бірде өзі құлай сүйген жазушы В.Г.Короленканың «От» деген әңгімесінің тамаша аудармасын жасап, «Қазақ» газетіне бастырған екен. Өзінің сол тұстағы рухани күйін ғажап дәл танытатын бұл әңгімеге Қыр баласы эпиграф ретінде Нарманбет ақын өлеңінің екі жолын алыпты:
 Қуандым түнде жүріп, күн шығар деп,
 Болса да бұлт бүркеу, жел қуар деп.
Ол шын мәнінде қараңғыда күрес пен үміт жолына түсіп, атар таңға сеңген адам еді.

Қойгелдиев М. «Қуандым түнде жүріп, күн шығар деп...» (Әлихан Бөкейхановтың саяси көзқарасы жайында) // Социалистік Қазақстан. – 1990. – 14 қаңтар. – Б. 3.